«Coca-Cola» халықаралық қоры, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары әкімдіктерінің қолдауымен «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ ұйымдастырған форумға атыраулық белсенді әйелдер де қатысты.
Бұл форум – республика бойынша жоспарланған өңірлік 4 форумның екіншісі. Ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасындағы 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруды мақсат тұтады. Ауылды тұрақты дамыту, әйелдер кәсіпкерлігін өркендету, ауыл тұрғындарының өнімді жұмыспен қамтылуы және өзін[1]өзі жұмыспен қамту арқылы әл-ауқат пен өмір сүру сапасын көтеруді міндет еткен форумда осы мәселелердің барлығы да әңгіме болды. Әсіресе, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауылшаруашылығы кооперативтерін дамыту, осы саланы қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау, жергілікті өзін-өзі басқару құралдары мен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына жергілікті деңгейде қол жеткізу көзделіп отыр.
Форум жұмысын оның модераторы – Қазақстанның ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрағасы , республика Парламенті Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымдарының депутаты Майра Айсина жүргізсе, республика Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның өкілі, Ауыл шаруашылығы, Ұлттық экономика, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің басшылары, «Coca-Cola» компаниясының Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі үкіметтік және қоғамдық байланыстар жөніндегі менеджері Александра Аккирман, сондай-ақ батыстағы облыстар әкімдерінің орынбасарлары құттықтау сөз сөйледі.
Онлайн-алаңда сөз алған «Жасыл экономиканы » қолдау және G-Global[1]ды дамыту коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов , « Соса-Cola Белестері» және «Жеке қосалқы шаруашылықтар» онлайн мектептерінің мысалында ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігін әлеуметтік тұрғыда қолдау, бизнес дағдыларды дамыту, тәлімгерлік және тәжірибе алмасу туралы айтылса , «Әлеуметтік динамика» ҚҚ дирек оры Елена Ожго жасаған баяндамада Ақмола облысында «Қазақстандағы ауылдық әйелдер кәсіпкерлігінің әлеуетін анықтау» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы туралы сөз болды. Ал, «Ауыл әйелі – елдің тұрақтылығы мен әл-ауқатының факторы» атты панельдік сессияда «Атамекен» ҰКП Ақтөбе облысы филиалы жанындағы Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Күлпаршын Айдарханова, «Агронесие корпорациясы» АҚ Атырау облыстық филиалы директорының орынбасары Рахмет Жаңбыров жасаған жұмыстарын ортаға салды.
«Әйелдер көзқарасы: ауылдқ аумақтарды дамытудағы әйелдердің ролі» атты ІІІ сессияда облыстың экономикалық жағдайын жақсарту, жұмысқа орналасу мәселелерін шешу жөнінде әңгіме болды. Бастаған істі жеріне жеткізе орындауда әйелдердің үлесі мол. Мұны біз өз кәсібін ұршықша үйіріп отырған бизнесмен әйелдердің іс-әрекетінен көреміз. Бизнеске қалай келіп, бұл жолда қандай қиындықтар мен кедергілерге кезіккені турасында кәсіпкерлер – ақтөбелік Гүлжан Сәкенова, атыраулық Оңай Арыстанова, маңғыстаулық Күміс Қосбай, батыс қазақстандық Қарылғаш Сералиева және «Соса-Cola Белестері-2021» байқауының жеңімпазы Назгүл Хибашева (Атырау облысы) сөз қозғады.
Есепшіден – кәсіпкерге
Атыраулық кәсіпкер Назгүл Хибашеваның өзі айтқандай, ол саулығына байланысты негізгі жұмысынан қол үзіп, жеке кәсіпке бет бұрды. Шүкір, бастаған ісі – балалармен жұмыс. Оларға робототехниканың қыр-сырын үйретеді. Діттеген мақсатын жүзеге асыру үшін ол Гарвард университеті студенттерімен тығыз байланыс жасап отыр.
Назгүл үшін Қазақстанға, әсіресе, қазақ тілі мен дәстүріне қызығушылығы басым гарвардтық жас тарихшы ғалым, докторант Лиора Айзенберг есімді қыздың орны ерекше. Лиора Атырауға келіп, роботехникамен айналысып жүрген қазақ балаларымен кездесіпті. Өзі он тіл білетін шетелдік қыз қазақ тілін меңгеріп, домбыра тартуды үйренген.
– Бұйырса , жұмысымызда бағдарламалар жасауды меңгеріп, қажет интерактивтік панельдер, ноутбуктер мен планшеттерді көбірек алсақ, балалар дайындалатын кең жерге шықсақ дейміз. Бәрінен бұрын біздің ел мен тілге зор қызығушылық білдірген Лиораға қатты ризамыз. Ол келген күннен бастап біздің отбасымызбен бірге тұрды. Аса сыпайы, ізетті, кішіге қамқор оны өзіміздің қазақ қызы дерсің. Екі жақтағы осынау байланыс күшейіп, біздің балалар ағылшын тілін жете меңгереді, сөйтіп, болашақта Гарвард университетінің студенті атанады, – дейді Назгүл.
Олай болса, ертеңге сеніммен қарап, жастардан үміт күтейік!
Деректер көзі: atr.kz