Іс – шараның басты миссиясы-тұрақты дамудың әлеуметтік мақсаттарына қол жеткізу үшін азаматтық бастамаларды ынталандыру.
Семинар мен ақпараттық-сессия қабылданатын басқарушылық шешімдердің тиімділігін арттыру, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен есептілігі және тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бөлігінде аудиториядан кері байланыс алу үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл рәсімдерін, нысандары мен арналарын жетілдіру жөніндегі шараларды, сондай-ақ Қазақстанда ТДМ іске асыру жөніндегі жаңа идеяларды, тәсілдер мен ұсыныстарды талқылауға мүмкіндік береді.
Іс-шара аясында қатысушылар келесі мәселелерді талқылайды:
• 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған тұрақты даму саласындағы күн тәртібі мен ТДМ өңірлер үшін неге маңызды?
• ТДМ оқшаулаудың кейбір қолданыстағы құралдары;
• Тұрақты даму саласындағы саясатты келісудің негізгі қағидаттары.
Іс-шаралардың күтілетін нәтижесі ТДМ оқшаулау құралдары бойынша кәсіби құзыреттер мен түсініктерді дамыту болады.
Іс-шара қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
Аталған жоба Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қолдауымен мемлекеттік грант шеңберінде іске асырылады.
Сұрақтар және қатысу бойынша жоба жетекшісі Алишер Акказеновқа хабарласуға болады
Тел.: +77778678335
Электрондық пошта: a.akkazenov@group-global.org