БҰҰ мәліметтері бойынша, дамушы елдерде ауыл әйелдері жұмыс күшінің шамамен 43% құрайды. Қазақстанда ауылдық жерлерде әйелдер жұмыс күшінің 38%-ын алады.Үкімет тұрғылықты жеріне, жынысына, жасына қарамастан халықтың білім алуына, кәсіпкерлікті дамытуына және жұмысқа орналасуына жағдай жасау бойынша кешенді шаралар қабылдап жатыр. Ауылдық жердегі әрбір үшінші әйел өзін-өзі жұмыспен қамтыған, соның ішінде үй шаруашылығындағы табыспен күн көретіндер де бар. Ауыл шаруашылығымен қатар өзін-өзі жұмыспен қамтыған әйелдердің басым бөлігі көтерме және бөлшек саудамен айналысады, - деді Сарбасов.
Ол атағандай, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қарастырылған халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы аясында жалғасын тапты.
Айта кетейік, Ауыл әйелдерінің форумы алғаш рет 2018 жылы ұйымдастырылған болатын. Осы айналдырған төрт жыл аралығында түрлі деңгейде өткен форум 7200 қатысушыны қамтып, ауыл әйелдерінің кәсіпкерлікке келуі, оны іске асыруы, қиындықты жеңіп, табысқа қолжеткізуі сынды 100 тақырыпта семинар-тренингтер ұйымдастырылып, оған 326 селолық аудандардан 400 спикер тартылған.Ауылдағы нәзік жан иелерінің кәсібін қолдауда бұл форумның берері мол. 2018-2021 аралығында 97 кәсіпкер-әйел арнайы грантқа ие болып, олардың жүргізіп отырған кәсібінің арқасында жаңа 300 жұмыс орны ашылды.
Деректер көзі: baq.kz
Последнее изменение Понедельник, 20 Июнь 2022